Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
109
ЖҮРЕКТЕ ҚАЛДЫ БАСҚА МҰҢ
Өлең басқа,
Өмiр басқа,
Өзiм мүлде басқамын.
Оңашада
Жанарымды
Шылап жүрмiн жасқа мың.
Көктем кетiп,
Жазым өтiп,
Қоңыр күзге жеткенде;
Өлең тербеп,
Қиял кернеп,
Тағат-төзiм жоқ менде.
Жаныма шуақ
Төгiлдi бiр уақ
Ғұмырда мына қас қағым.
Амал не бiрақ,
Тағдырым жырақ,
Жарысың, жаным, басқаның.
Сезiмдi сәттер
Келте ғой, әттең,
Көңiлдiң ашқан аспанын.
Сырым да басқа,
Жырым да басқа,
Жүректе қалды басқа мұң.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter