Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
125
ОҢАША ОЙМЕН СЫРЛАСҚАНДА...
Сен менi, сiрә,
Ұға алмай жүрген шығарсың.
Мың ойдан
Мына
Шыға алмай жүрген шығарсың.
Жырларым
Жүрек жылытқан.
Кездердi ойлап
Ұмытқан.
Сонда ұғарсың...
Тегiңе сенiп
Теңгергенiмдi,
Сезiмге ерiп
Сенделгенiмдi
Сонда ұғарсың.
Сыр бөлiсiп,
Достасқан,
Кездесiп,
Қайта қоштасқан
Күндердi
Сағынғанда ұғарсың.
Оңаша оймен
Сырласқанда,
Көңiлдi
Бiр сәт
Мұң басқанда
Ұғарсың, iштей тынарсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter