Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  105


Автор: Сәруар Қамаева

ЖАУАБЫН КӨП ІЗДЕДІМ

Кең дүние-жалғанның
Шыны қайсы?
Асқар таудай арманның
Шыңы қайсы?
Еленбеген уақыттың
Бүрі қайсы?
Өлең деген жақұттың
Нұры қайсы?
Тоқтамайтын сағаттың
Тілі қайсы?
Ноқталайтын тағатты
Бірі қайсы?
Сезім-селді кемердің
Түбі қайсы?
Төзім-белді еменнің
Діңі қайсы?
Жауабын көп іздедім,
Таба алмадым.
Үмітімді үзбедім,
Алаңдадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу