Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  102


Автор: Сәруар Қамаева

ЖЫРЛАТЫП КЕТТІҢ ЖҮРЕКТІ

Әлдилеп аппақ сезімдер
Қызғалдақ ғұмыр кезімдей.
От жүрек, ынтық көңілмен
Сүйген жан бар ма өзіңдей?..
Іздеген көктен көріктім,
Жерден-ақ маған жолықтың.
Мәңгілік күткен Мәжнүнін
Ләйлідей мен де болыппын.
Аспаннан алып арманды,
Айыптап дүние-жалғанды,
Адасып ашық алаптан,
Таба алмай сені қалғам-ды.
Айтамын көңіл жай-кемін,
Әйтпесе, өлең қай теңім?
Жыларман болған жүректі
Жырлатып кеттің, қайтемін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу