Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
88
ӘТТЕҢ...
Шабытты шақты,
Жүректі қатты
Еттім-ау ойран,
Ойланбай... әттең.
Хатым да бармады,
Хабарың болмады,
Тілімді байлап
Қойғандай... әттең!
Мені іздеп жүрсең,
Жайыңды білсем,
Қайырмай қанат
Ұшар ем... әттең!
Өкпемді қолға алып,
Айналып-толғанып,
Айырмай сағат
Құшар ем... әттең!
Сағынған кезімді,
Сабылған сезімді
Өлең қып өріп
Айтар ем... әттең!
Аспанға бір самғап,
Алыстан мың барлап,
Төбеңді көріп
Қайтар ем... әттең!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter