Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  437


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ БАУЫРЫМА

Жеті ұру Құдайберді баласына,
Кіші іні, жасы үлкен ағасына.
Аттарыңды атауға тарлық орын,
Бәріңіз менен сәлем аласың да.
Тілектес аға менен інілерім,
Қапаста ағызамын маңдай терім.
Ерік жоқ бұрылуға жүз көрісіп,
Кілттесіп тор терезе тұрған жерім.
Бұл орын маған мекен болып қалды,
Дегенмен бір пәлені Тәңірім салды.
Жегі құрт былай тұрып күйдіргі кеп,
Шын мехнат біздің бастан орын тапты.
Бұрынғы ой жүру көру амандасып,
Мұң шерткен жүдеу болып етім жасық.
Соны шағып тағы да бәріңізден,
Қайтпақ едім бір пылан ақылдасып.
Оны Тәңірін жазбады тағдыр кесті,
Жұмбақты, ой пыланын ырызық шешті.
Қара көже, қара нан айдап келіп,
Ақмола қаласында торға түстім.
Бар нәрсем жан сақтарлық ап қолында,
Тінтіп алған қалдырмай түк қолымда.
Қалған нәрсем ел жақта отқа күйіп,
Аш, жалаңаш кездескенз ор форымда.
Ендігі бар таяныш жалғыз Тәңірі,
Күткенім себеп қылып соның әмірі.
«Алма піс – аузыма түс» орны жоқ деп,
Сіздерге жазған қағаз бар замыры.
Жұмсадым өз орныма қағазымды,
Ұмытпас, еске алар деп мұң-назымды.
Жанашыр дос-жарларым, бауырларым,
Білдіртіп шарасыздан күй азымды.
Қашаннан қол артумен келіп едім,
Мен – дін өрнек, сіздер көмек беріп едің.
Сол себепті басыма жазаны алып,
Бірталай тайқып, бұғып жүріп едім.
Берген Құдай себепші сіздер болып,
Қызықтап еркек-әйел бірге толып.
Өткен күн, қызықты өмір есте болса,
Тарлықтың апатынан мені қорып.
Жіберер деген оймен қағаз сыздым,
Шарасыз емінбестік жолын бұздым.
Қатын-бала, дос жүдеп, мен қапаста,
Тағдырдың көріп қалдым аяусызын.
Қаһарына кездесу маған хекмат,
Жол емес рахматынан үміт үздім.
Сабыр, шыдам көрсетем себеп іздеп,
Салқынын сезгендіктен қалың мұздың.
Сол шыдамның үстіне сіздерді еске ап,
Құланы болып кетіп құла түздің.
Сол асаулық аяғы бұған соғып,
Пердесі ашылып тұр арлы жүздің.
Жоқшылық аз уақытта басыма орнап,
Тұрарлық ерікте жоқ жанды қорғап.
Бір бетім қара болар жол іздедім,
Шарасыз жаман жалға түстін зорлап.
Қайтейін бұл да маған үлкен өлім,
Санамаймын бұл бетті жақсы көрім.
Көріне ажал елестеп маңайтымда,
Ағып тұр қиналғаннан ащы терім.
Сүйте тұра біраз мұң жазып өттім,
Азырақ іште шерді қазып өттім.
Елшілік қылған қағаз жөнелткен соң,
Қай бетпен қайтады деп аңдып күттім.
Хош-сау бол бауырларым үлкен-кіші,
Сырт тілек қолдан келген барлық күші.
Аман-сау көрісейік дидарласып,
Тыс бөлек мен ғарыптың бұрыңғы іші.
1932 жыл, иүлдің 12-сі.
Түрмеде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу