Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
93
ХАЛ-АХУАЛ
Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан,
Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан,
Анау озық, мен кейін қалам ба деп,
Көз салып бірін бірі шамаласқан?
Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.
Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар
Бір-бірін сүзіп, жаншып, жараласқан.
Жақсыны өзі болған көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.
Ақылшы шықты бізге үй басынан,
Данышпан ойы зерек, жұрттан асқан.
Биге-пара, байларға-өсім болды,
Бой тартқан, арамдықтан бар ма қашқан?
«Сен кімнен қорқасың!» деп жел береді,
Кісі жоқ «қой» дейтұғын, жұртты басқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter