Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  166


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Іздеп келем...

Іздеп келем,
Белгілі таппайтыным…


Жүрегімнің түбінде сақтайтұғын --
Құпиямсың сен менің, жұлдызымсың,
Аспанымнан мәңгілік ақпайтұғын!
Ділім, міне!
Жат аруға жүрегім жүгінді ме?
Шайтанкөлде кездесіпқалып едік,
Күллі әлемде жоқсың сен
Бүгін, міне…
Шайтанкөлге сені іздеп талай бардым,
Сан барармын,
Әлі санқарайлармын.
Бірақ, таппай кетермін ішқұса боп,
Келіп… кеткен… жолымен талайлардың.
Тәттіқиял жанымды тербетер кеп,
Мен сияқты мазасыз шерлі екен көк!
Арулардың жалт еткен жанарына,
Жалтақ-жалтақ қараймын сен бе екен деп.
Пәк жаныңа дерт түсіп,құсақыла,
Қанат таппай мен жаққа ұшарыңа.
Жүріп-жүріп адасып…
Сен де бір күн
Тығыларсың бір жанның құшағына.
Сағыныштан сарғайып шомған күзгі --
Жапырақпын;
Меніқой-қорғансызды!
Құшып сүйіп жатқанын білер ме ерің,
Бір ақынның арманы болғанқызды?!
Шайтанкөлге сені іздеп талай бардым.


Жоқтығыңды білгендеқалай бардым?
Талай бардым.
Таба алмайқайттым,
Жаным,
Келіп…кеткен…жолымен талайлардың.
Іздейсің бе сен меніқуат көріп,
Жүрегіңді сағыныш—шуақ көміп,
Баяғыда
Біріміз-бірімізсіз
Өмір сүре алмайтын сияқты едік.
Іздейсің бе сен мені,
Далаға сан
Шықтың ба іздеп—


Муза боп мазаласам?
Неге ғана кездестің маған,
Кейін,
Іздеп тауып алуға жарамасаң?
Іздейсің бе сен мені,
Жөнелсе алып шырылдап сезім-бала,
Сабыр беріп жүр ме екен тәзім-нала?
…Қалай десең—олай де,
Осы өмірде,
Сүйген,
Сүйе білетін өзім ғана!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу