Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.09.2022
433
Жүрегімнің жартысы
Шақырымдар...Ұйқысыз Түн, алаң күн.
Дәл ол қыздай бақыт сыйлар маған кім?
Жүрегімнің жартысы деп отқаным-
ақ келіні әкем менен анамның...
Махаббатқа құмармын-ау мен де осы,
Сұлуымның табылмайды теңдесі.
Жүрегімнің жартысы деп отқаным-
Менен кіші қарындастың жеңгесі...
Кіріп келді екеумізге бақ кеші,
Ауып кетті маған да оның нақты есі.
Жүрегімнің жартысы деп отқаным-
Балдызымның жалғыз туған әпкесі...
Арылмайық қуанышты күйден біз.
Әй,онсызда жүрек жылап,күйген жүз.
Жүрегімнің жартысы деп отқаным-
мені сыйлап,дәл өзімдей сүйген қыз...
Тәтті сезім жігітке бұл салғызды ән,
Сөздеріме бергейісің сен,бал қыз,мән.
Жүрегімнің жартысы деп отқаным-
Мен қызғанып,сағынатын жалғыз жан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter