Өлеңдер ✍️
* * *
Бізден шыққан ердің бәрі-зор алып,
Алаш үшін есімдері дара анық.
Өткен күнде талай қайғы ізі бар,
Тарихым тұр жүрегіне жара іліп.
Бодандықтың бораны ұрған кезінде,
Жүзімізден күлкі кетті жоғалып.
Қасқыр мінез батыры көп,намысты ел,
Мәңгі тұрмад(ы) маңдайыңда сор ағып.
Қиын күндер қыспаққа алды Алашты,
Оңай болдмад(ы) тәуелсіздік жолы анық.
...Шүкір бүгін егеменді ел болған соң,
Бейбіт өмір сүріп жатыр бәрі анық.
Далам жатыр дархандықты дәріптеп,
Азаттықтың ақ таңына оранып!
Қазақстан-байлығы көп нақты аймақ,
Жалындап тұр басымызда оттай бақ.
Азат күннің ғажаптығын сезініп,
Ұрпақтарың байтақ жерде жатты ойнап.
Ар-намысын биік қояр Қазақтың,
Бір бойында табылатын көп қайрат.
Бірлігі мен тірлігі бар халқыма,
Бөтен елде тамсанады тоқтай қап.
Желтоқсанның дүр ызғары кешегі,
Басымызға кеткеннен соң бақ байлап.
Көк аспанның көркін ашып тұрады,
Биіктерден желбіреген көк байрақ!
Ата берсін азаттықтың таңы мың,
Тарихымнан алдым талай тағылым.
Санамызға сіңдірейік,жас ұрпақ,
Ұлылардың ұлағатты әр үнін.
Бұдан бұлай көрмейді деп сенемін,
Қазағымның көзі-соғыс,жаны-мұң.
«Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ»,
Осы сөзде жатқан жоқ па бәр ұғым.
Сондықтан да қолда барды бағалап,
Азаттықтың білген дұрыс қадірін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter