Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.09.2022
115
* * *
Құдай өзі жіберген оны маған,
(Жігітпін-ау,әй осы-жолы боған).
Сендей қызды өсірген ата-анаңа,
Күйеу бала бір күні болып алам!
Сені "аспанның екінші айы" дегем,
Сұлулығың,қылығың-дайын өлең.
Төркініңе барғанда төс ұсынып,
ілтипатын жасайды Қайын Енем!
Басымдағы сөнеді жалын қайғы,
Үйден ырыс,береке арылмайды.
Анашым мен әкешім ақ келінін,
Дәл өзінің қызындай қабылдайды!
Зымырайды-ау,асығып уақыт бекем,
...Мөлдіреген жанарың жақұт пе екен?
Ақ жаулығың ол менің-ақ ниетім,
Мәңгі аялап,өзіңді бақытты етем!
Иншаллаh!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter