Көп түнде қиял қуып, оңаша ояу қалам,
Құшағын тәтті елеске бұл сәтте жаяр балаң.
Нұрына малындырып,сәулемен сурет салар,
Күннен де мейірімің ыстық-ау,аяулы Анам.
Сағыныш жанарымнан кетеді жасымды іліп,
Көңілің жайланады сөзімнің расын біліп.
Ауылды есіме алып,кеткім-ақ келед,бірақ,
Күйбелең қу тіршілік қарайды басын бұрып.
Күш-қайрат таусылмайды тұрғанда нақты айбыным,
Перзентің жаманға-жат,жақсыға тақпайды мін.
Өзінің алға қойған мақсатын қуып жетіп,
Үміт пен сеніміңді бұйырса ақтайды ұлың!
Әр айтқан ақылыңмен толтырғам санамды,Ана,
Себебі өзің берген тәрбие маған-дара.
Жаратқан сәтін салса бәрі де жақсы болад,
Бастысы қайғы жұтып,уайымдап,алаңдама!
...Осылай өлеңменен хат жазды балаң бүгін,
Алдыңнан шығармаймын ешқанан «қараңғы күн».
Жаулығы жақұтпен тең,анашым,менің үшін:
Бар байлық,бақыт,шаттық-өзіңнің амандығың!