Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  115


Автор: Жандарбек Жұман

Күлегеш

«Жақсы» деп маған берме баға бірден,
Жүрегіме жазылмас жараны ілгем.
Ашуыма жеңіліп,кей кездер,
Өз-өзімді танымай қаламын мен.

Көп күрсініп, артынан күліп те алдым,
Тек өлеңмен жанымды жылытқанмын.
«Қызғанамын,сағынам,іздеймін...» деп,
Айта алмаймын. Бұларды ұмытқанмын!

Жалғыздықтың тасадан құйыны ұрад(ы),
Жатқанда жанардан жас жиі құлап.
Ренжітуім оп-оңай мына менің,
Ал,кешірім сұрауым-қиынырақ...

«Неге мұндай жансың?!» деп сөкпе,күнім,
Шығып жатса шыдарсың өктем үнім.
Басқалардың реніші былай тұрсын,
Өз-өзіме о,бастан өкпелімін!

...Маған деген ойларың-жақсы.Мәлім,
Сен шығарсың көп күткен бақ,сыңарым.
Сүйетінің рас болса, өзгертіп көр,
Өзімді саған сеніп,тапсырамын,КҮЛЕГЕШ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу