Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  133


Автор: Жандарбек Жұман

Күз...Біз...

Біз осы баяғыда «қос ғашық» емес пе едік?!
Есімнен адасатын болдым-ау елеске еріп.
Сары күз тағы келді жауратып жапырағын,
Жадына сақтап алып,өткеннен -көп естелік...

Бұл күздің кеудесінде жататын сезім қайнап,
Сол сезім алды қазір «ғашықтың» көзін байлап.
Бұрыңғы әдетіммен: оңаша, өлең жазып,
Есілдің жағасында отырмын өзіңді ойлап.

Нәзіктеу көңілімді күйдірді жалын ғұмыр,
Шыдамсыз бұл пендеңді,жаратқан,сабырлы қыл.
«Басқасын таптым» деп ем...Бірақ та дәл өзіңдей
түсіне алмай жатыр “ақындық жанымды” бұл.

Сарғайған сағынышым жүректе тербеледі,
Ал,сенің махаббаттың,ұмытпа,менде өледі.
...Өткенді еске салып,дәл бұлай мұңайтқанша,
Жақсы еді ең дұрысы бұл күздің келмегені...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу