05.09.2022
  2984


Автор: Жандарбек Жұман

Туылған күнінмен, Қарындасым!

Бәрінен болсын деймін бағың басым,
Қай кезде де табылам жаныңда шын.
Шын жүректен өзіңді құттықтаймын,
Туылған күніңменен, Қарындасым!

Жақсылықтың күтеміз алдан бәрін,
Әппақ сенің о,бастан қардан да арың.
Жете берші көздеген мақсатыңа,
Орындалсын аңсаған армандарың!

Қанаты қатайғанда ұшпайді кім?
Сен қуансаң бұл ағаң құшпайды мұң.
Ата-анам, сұп-сұлу қарындасым-
асылдарым,бақытым,үш байлығым!

Тіршіліктің тыныстап тылсым демін,
Қарындасым, жайқалған гүлсің керім.
Жанарыңа тек күлкі ұяласын,
Ешқашан да өмірде күрсінбегін!

Ырысты күн тілеймін мәңгі ұзаған,
Алыстатқын қайғы мен жанды ызадан.
Тәтті өлеңмен сый жасап,құттықтайды,
Туылған күніңменен-жалғыз ағаң!

(Туылған күні 28 шілде...)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу