Өлеңдер ✍️
Жайдарман
Жайдарман-күлкіменен үгіт берген,
Артынан түрлі мақсат, үміт те ерген.
«Көз тимесін» және де «ТехАС» аты,
Егіз-ді «ӨЗІМІЗДІҢ ЖІГІТТЕРмен».
Айтылар олар үшін бар-ды аздап үн,
Бір-біріңді құрметтеп, ор қазбадың.
Ұмытпайды жайдарман көрермені,
«АЭСА» мен «Аграрка сарбаздарын».
Аттарыңды жырымда шын қаладым,
Осылайша ашылып,шыңдаламын.
Әзілдерін әлі жұрт айтып жүред,
«Қызық-Орда», «Витамин», «Шымқаланың».
Сахынадан жұртқа тұр жетіп үнің,
Күлкі құшып, мұңнан ой бекіді мың.
Ел біледі «Жарайсыңдар,жігіттер» мен
«Бауырсақтар», «Тараздың-2000-ын».
Тоқтамайды,жайдарман,бұл сарының,
Шуақ шашып көгімде тұрса күнім.
Сүйсініп көретінбіз бәріміз де,
Әзілі мен билерін «Құлсарының»
«Еркетайлар» халыққа таныс атың,
Сұлулық пен наздары алысатын.
«Авиценна» кезінде жарып еді,
Шығарып Шымкент пенен Арыс атын.
Өнерді сыйламасақ жарамас тым,
Биіктен көрінуді қаламас кім?
Екі мың он бірінші жылы шықты,
Чемпиондық атағы «Арал-АСтың».
Әрбіріңнен лаулаған бақ көремін,
«Жерұйық» пен «Барыстар»- нақты өренім.
Екі мың он екінің чемпионы-
«Экспрес» командасы Ақтөбенің.
Күлкі деген бермесін жанға тыным,
Жайдарманның өрлесін алға аты мың.
Арулардан кім десең мықтырағы,
«Тек қана қыздары» бар Алматының.
Астарлы әзілдерді құп аламын,
«Назар аудар» шырқалып тұрады әнің.
Қалжыңдары өтімді көрерменге,
Бекзаты бар «Ұлттық құраманың».
«Демеушіміз болашақаты» сүйеді елім,
Көрермен боп залыңа жиі енемін.
«Альянсы» Семейдің қалжыңы мен
көрсетіп жүр тамаша би өнерін.
Әзілге толып қалған,сірі,басы,
Өнерін бағалаған бұл алашы.
Чемпиондық атаққа үміткер ғой,
Қызылорда «Қорқыттың» құрамасы.
Төгіліп тұрар дәйім жан шуағы,
Қалжыңымен өздерін қамшылады.
Ойындары арқылы таныс жұртқа,
«Күлтегін» мен «Мұнайдың тамшылары».
Сендерге алда әлі талай сын бар.
Бәрің де «бас кубокты» қалайсыңдар.
...Көрерменге сыйлайтын шын күлкіні,
ЖАЙДАРМАНШЫ,ДОСТАРЫМ,ЖАРАЙСЫҢДАР!
(аталмай кеткен командалар ренжімесін, өзім білетін командаларды жаздым)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter