Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  389


Автор: Жандарбек Жұман

Рахмет!

Жастайымнан жырға құмар мен едім,
Өлең жазам.Бағалайтын-төре елім.
Оқырманнан ақыны көп заманда,
Өмір сүріп келемін...

Ішкі сырын жас өреннің білмек кім?
Поэзия десе ұшып тұрды екпін.
Мұқағали,Жұмекен мен Қадырды,
Сүйіп оқып,үлгі еттім!

Ойларыммен отырамын таласып,
Қиялымның терезесін жаңа ашып.
Қысылғанда бар сырымды ақтарар,
Қара өлең бұл-көзімдегі қарашық.

Сөздерімнің саптағанда тәуірін,
Ақ парақтың бетін кезер ауыр үн.
Туындымды ұнат мейлі,ұнатпа,
Мен бәрібір өлең жазам,бауырым!

"Тек Алға!" деп ұстанамын мәңгі ұран,
Қаламымда-бар бақытым,бар күнәм.
Әдебиет әлемінде бұйырса,
Өз атымды қалдырам!

Шықса солай жас ұлыңның аты бек,
"Сын" қазанға түсіп,шығар сәті көп.
Егер менің оқырманым болсаңыз,
...Рахмет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу