Өлеңдер ✍️
Қырық бес минут
Үш жыл бұрын есіңде ме,бір мектеп пен бір сынып,
Бір партада отырушы ек...қос жүрекке сыр сіңіп.
Сабақ бітсе бірге қайтып, қоштасар ек екеуміз,
Сол күндерді есіме алып,қоям кейде күрсініп.
Уақыт шіркін зымырауда өмір көшке жалғасып,
Бүгін,міне,жасымызда жиырмадан қалды асып.
Қол ұстасып...Үй жағыңа жеткізер ем мен сені,
Қайран қазір сол көшелер жатыр тыныш, шаң басып.
Ойлауменен тек өзіңді өтуші еді әр апта,
...Ескі күндер мұң жебесін бізге қарай тағы атты,ә?!
Ең әдемі киімімді киіп алып, ех шіркін,
Сені,жаным,көру үшін баратынмын сабаққа.
Қылықтары жарасатын қыз едің-ау аты игі,
Мен түгілі ғашық болар жігіттері жат үйдің.
Сол кездегі қырық бес минут екеумізге жетпеген,
Дәл қазір де қырық бес мың минутқа да татиды!
...Тағы жаздым өлеңімді сол аруға жаны ізгі,
Бізді тағдыр шынымен де екі айырған тәрізді.
Бұл жолдарды өзгелердің ұнатуы шарт емес,
Ең бастысы сенің ғана көз-қарасың маңызды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter