Өлеңдер ✍️
Сөз айтсам етесің-ау....
Сөз айтсам етесің-ау ұятты ырым,
Есіме сені отырмын жиі ап бүгін.
Суретіңе күндіз-түн қарай беріп,
Жүрегімді ауыртқан сияқтымын.
Құрғыр мынау сезімнен жүдеп келем,
Махаббатты сондықтан жыр еткен ем.
Суретіңді мен сенің көзбен емес,
Шамасы көргенмін-ау жүрекпенен.
Ия-я...Сенбейсің-ау сөзіме бұл,
Қарап тұра бересің көзіме құр.
Сонда да өтінемін мына менің,
Жан күйімді барынша сезіне біл.
Маңдайымда тұрғандай ұйып бақыт,
Бермедің-ау мүмкіндік қиып та түк.
ВК-дан түнге қарай бір-ақ шығам,
Сұлуымды мазалап,ұйықтатып.
Саған арнап жазайын лайықты өлең,
Құпиямды баяндап байыппенен.
Осы біз жарытып та хат жазбаймыз,
Тек қана тілдесеміз «ЛАЙКпенен»
Суреттер бірі қалып,бірі асады-ау,
Тіл біткендей маған кеп сыр ашады-ау
...Кіп-кішкене сезімім ең соңында,
Үп-үлкен махаббатқа ұласады-ау...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter