Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  103


Автор: Жандарбек Жұман

Ж-айқалуда жанымның....

Ж-айқалуда жанымның бақта гүлі,
Ж-анардағы езуге ақ таң ұры.
Ж-үрегімнің қалауы тек бір өзің,
Ж-адыңда,жаным, мәңгі сақта мұны.

А-лқасын өлеңімнің тағып көргем,
А-қын ұлға өзіңсің шабыт берген.
А-лтыным, сыйластығым саған шексіз,
А-ласың орыныңды анық төрден.

Н-ық тастап келудеміз адымды алға,
Н-егізі, теңер едім бағымды арға.
Н-ала күй тән болмасын біздер үшін,
Н-әзігім, жыламайсың ЖАНың барда.

Ы-п-ыстық құшағыңда жылынамын,
Ы-лғи мен етіп жүрем мұны мәлім.
Ы-мына жүрегімнің түсінбестен,
Ы-нтығып іштен шығар тұнық әнім.

М-інезіңнен айналдым наз ұқтырған,
М-әртебе саған жырды жазып тұрған.
М-ына сөзді ешқашан ұмытпағын,
М-ен сені сүйіп өтем, нәзік тұлғам.

(2012 жыл)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу