Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.09.2022
105
Тырна,қалқам...
Тырна,қалқам,жанымның жарасын кем,
Көздеріме бітпейтін нала сіңген.
Біздерді бөліп тұрған қашықтықтың,
Өлеңменен жалғайын арасын мен.
Шырайың түседі еске шақта нұрлы,
Сен кездесіп, жоғалған бақ табылды.
Қасымда жоқсын қазір... сол үшін де,
Сағыныштың сарғайған аптабы ұрды.
Өзің-еркем болғанда, мен-арысың,
О,бастан-ақ ұнаған бет алысың.
...Тоқсан күнге түкірдім сенсіз өткен,
Құрып кетсін жаздағы демалысым!
Сені көрсем ұмытам азапты әлгі.
Шерлі жүрек осылай наз ақтарды.
Шыдайықшы бұйырса қауышамыз,
Аз-ақ қалды,ботақан,аз-ақ қалды...!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter