Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.09.2022
141
Басқа қыз!
Мен бүгін ауырдым...
Ауырған-жүрегім,
Табаным басты ма байқамай шоқты ірі?
Ойларға шомылып, іздедім бір емін,
Қайдасың жанымның, періште докторы?!
Келемін сабыр мен сенімді қатар ап,
Қасымда сен жоқсын алайда,ұяң қыз.
Ауырған жүрекке “шынайы махаббат”,
тағдырдан қойылған-диагноз.
Басыма мұң орап, тілдесем дертіммен,
Бір үміт арқалап шығардай алдан күн.
Алайда “шынайы сезімнің” өртін мен,
Мөп-мөлдір тамшымен өшіріп алғанмын.
Көңілден амалсыз тым ауыр күй тамды,
Көшеңде өледі мен барып басқан із.
Әйтеуір бір күні береді шипамды,
Бірақ та сен емес...Басқа қыз!
...Басқа қыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter