Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  156


Автор: Жандарбек Жұман

Сен менi сағынасың...

Сен менi сағынасың...
Оны бiлем.
Бұл өмiрдiң бұралаң жолы кiлең,
Ұмыту оңай емес...Себебi сен,
айықпадың дертiңнен толығымен.

Сен менi сағынасың...
Қара да, тұр.
Салмағы ауыр ой салма санаға кұр.
Жүректегi сақтаған сыр қаймағың,
Үзiк мұңға айналып бара жатыр.

Сен менi сағынасың...
Анық мұның.
Жабырқасаң күткейсің, жарық күнім,
Сағынышты басуға барам сонда,
Қолыма арманымның алып гүлін.

Сен мені сағынасың...
Жоқ күмәнім.
(Жол жүреміз бақытқа көп күн әлі.)
Көздеріңнен жаудырып жас жаңбырын,
Үймелетпе "өкініш" көк туманын.

Сен мені сағынасың...
Сағынасың.
Сен сағынған жігіттің бағы басым.
Ғашық болып-күлесің, күрсінесің,
Ғашық болып-жығылып,қағынасың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу