Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
109
ОҚУ ТУРАЛЫ
Оқып қал, балаларым, шал боларсың,
Оқымасаң бос жүрген мал боларсың.
Жоңышқа шалғын шықпай жиылысқа,
Жер таппай жайлауға да зар боларсың.
Оқу мен кәсіп өнер білер болсаң,
Көтерген ауыр жүктен ар боларсың.
Қоғамқа пайда істе оқып алып,
Меһирбан әулетіңе жар боларсың.
Көктөбе жер ортасы оқымасаң,
Жүре алмай екі жаққа дал боларсың.
Ұнаса көзіңді сал бұл нұсқаға,
Ұнамаса жолына кетсін барсын.
Ж.Ә.
05.01.1937 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter