Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
101
БӨЛЕК
Наданның өзі керең, ойы бөлек,
Жұғыспас жанға жақын бойы бөлек,
Жайылмас малға қоссаң бақсаң дағы,
Қасқырдың орып жейтін қойы бөлек.
Қосылмас қайнатсаң да қаны бөлек,
Айырылар бір тусаң да жаны бөлек,
Бір шоқта тал, емен мен қайың, терек,
Өсімдік біреуінен бірі бөлек.
Қосуға өсімдікті ақыл керек,
Табиғат жаратылды аты бөлек,
Ақылды қайда өлсе де бірге өлмек,
Құлаша қосылмайды табы бөлек.
Бос жүрме тірлікте елек-селек,
Бөлекке бірігуге керек көмек,
Көмектес қадари хал бар күшіңше,
Әдет қыл жас күніңнен өспе бөлек.
Наданның көңілі бітеу, көзі соқыр,
Адамның өзімшілік ойы бөлек.
Ә.
27.03.1935 ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter