Өлеңдер ✍️
КӨП ЕДІ
Көрмегенім көргенімнен көп еді,
Алдымда көп көретінім деп еді.
Айтып өткен қарияның сөздері,
Қайсы жерде орнына кеп еді.
Еңбекші тап бастамаса көсем боп,
Езілген тап көретінің көп еді.
Өтірік пен шенге құмар қазаққа,
Көре беру езгендікті еб еді.
Қай ғасырда тонап талай жатса да,
«Тарт қолыңды, маған керек» демеді.
Уез, болыс, ауылнай мен поштабай,
Ол уақытта айтқан сөзі ем еді,
Езілген тап, кемірген тап қазақты,
Қай уақытта алпауыттар жемеді,
Жаңа тұрмыс жаңа құрылыс ағымда,
Теңдік тиді жегізбейік кел, енді.
Оқып шыққан, жетіп шыққан жастардың,
Өз тізгінін өз қолына бер енді,
Еңіреген шал, еңбектеген жас бала,
Ал соңынан жолбасшының ер енді.
Қолы жетпей көзі көріп жүргенді,
Жол басшылар тегіс алып бер енді.
Өзі надан пейілі тар ел еді,
Көрмегенім көргенімнен көп еді.
Жұманұлы Әбілда
10.05.1933 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter