Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  101


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЖҰМБАҚТАР

Қар жауды тау басына кетпейтұғын,
Ойпаң жерге қақ тұрды кеппейтұғын.
Отыз шаһар қаласы ойран болды,
Ел бар ма ебін тауып септейтұғын.
(шаш, көз, жас, түскен тіс)
Көзге түсіп көріне жүгірмейді,
Сүйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгір бір сағат кідірмейді.
(өмір)
Топ етті тонға оранды.
(түкірік)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу