Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
107
ҚАНДАЙ ЖҰБАЙ АЛУ КЕРЕК?
Жас құрбым, тексіз жерден қыз алмаңыз,
Әдепсіз, үлгісізден із алмаңыз.
Қаба деп жал-құйрығы жануарым,
Жабыдан үйірге айғыр әм салмаңыз.
Мінез-құлық әм затын көп аңғарып,
Асылына әбден байқап сөз жолдаңыз.
Жаманды жақсыларға жанастырмай,
Әуелде айырықша еткен бір Аллаңыз.
Мәселен сұңқарменен тең болар ма,
Боқ шұқып далпылдаған көк қарғаңыз.
Жаманнан ат тоныңды ала қашып,
Жақсыдан қолың жетсе құр қалмаңыз.
Сақтан деп құрбыларға құр ынжықтан,
Тапсырған Жұман ұлдай бір жорғаңыз.
04.11.1932 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter