Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  88


Автор: Дихан Қамзабекұлы

МИСАЛ СӨЗ

Не пайда құр жастықтан өтпей қалса,
Қайраңдап мұратына жетпей қалса.
Тарқар ма өлгеніңше бастан арман,
Көп тілеп ойға алғанын етпей қалса.
Несі сән тіршіліктің жанды ұзартып,
Іс істеп бір тамаша өнбей қалса.
Жалынсыз жаса ма істер ол бір мисал,
Ызғарын жай оғындай төкпей қалса.
Қайраттың я заттықтың жоқ болғаны,
Өнбесті қузастырып ептей қалса.
Кейбіреулер үйде отырып болдым дейді,
Көгеріп көсегесі көктей қалса.
Жігіттің пайдасынан қағылғаны,
Түсінбей зілсіз сөзді кектей қалса.
Арты – шаң, алды – тұман, әуре-сарсаң,
Сорланып ерді қырсық иектей қалса.
26.10.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу