Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  91


Автор: Дихан Қамзабекұлы

БІР ТУМАҢ ЕЖЕЛГІ ЖАУ, ҚАС БОЛМАЙДЫ

Бір тумаң ежелгі жау, қас болмайды,
Жаманы ағайынның бас болмайды,
Алдыңда жүрсе айтып жөн таппайды.
Артыңда жүрсе және дос болмайды.
Бай болып көшсе көлік берері жоқ.
Еруден аш, арыққа ас болмайды,
Қараңғы ойлағаны зердесіздің,
Жадырап көңілің оған қош болмайды.
Мисалы әр үмбеттің сол секілді,
Талпынған болар бала, жас болмайды.
Балшықты мың күн илеп бассаңдағы,
Бумалы дүрын жауһар тас болмайды.
Сыр айтып екі жақсы басын қосса,
Бір-бірінің ізін аңдып өш болмайды.
Құдайдан құралуға себеп болмай,
Еңбегің ептестірген іс болмайды.
20.10.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу