Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  99


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ДОСЫНА

Әуеспін асыл көрсем аты шыққан,
Қалпым бар жақсыларға жан қиысқан.
Шамалап санасымен қадыр білген,
Жігіт емен жолдастың көңілін жыққан.
Аңдатып әр қиялды шешіп едім,
Уа, шіркін, бір дос болса сөзімді ұққан.
Фаһұм мен ишаратым аңғарғанға,
Ескертпей бос тастатпа, әзім сұбқан.
12.10.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу