Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  145


Автор: Дихан Қамзабекұлы

СҰЛУЛЫҚ

Керілген кербез сұлу қыз,
Кеңеселік, кел бері.
Асықтық па, ынтықпын!
Дидарыңды көргелі.
Мендей-мендей талайлар,
Соңыңда жүр өлгелі,
Не дейді олар білдің бе?
Маған жолдас бол дейді.
Бола салсаң нең кетті,
Қасаруың жол ма еді?
Білем сенің тілегің –
Бай ұлына қосылу.
«Кедей» деген ат шықса,
Әдет болған шошыну.
Ұят болса да айтайын,
Өзімді-өзім ұсыну,
Ти, мені сүй, жай құшақ,
Неге керек қысылу.
Керілген кербез сұлу қыз,
Көлеңдеп жанды күйдірдің.
Көркемдігің толған ай,
Көріндің өртеп – сүйдірдің.
Кекілік атып ширақтап,
Керіліп алыс тартпа тым.
Білесің бе бағалай,
Күйген жүрек сүйген кім?
Құшақта, жылт, өртеші,
Ақ бетіңнен ал сүйдім.
Керілген кербез сұлу қыз,
Кеңесейік кел бері,
Күйген мәңгі қайғы уыты,
Сендегі жүрек мендегі.
Білем-білем... өлсең де,
Еш мырза қолын бермеді.
Ендеше соған жағыну,
Ойлашы, қалқам, жөн бе еді?
Шын жүрек, намыс, ар-ұят,
Міне менде, кел бері!
Майлыұлы Бейімбеттен
1926 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу