Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  131


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ЕР ЖӘНІБЕКТІҢ ҰРАНЫ

Атандым Ер Жәнібек бала жастан,
Шайқасқа жастайымнан араласқам.
Қолға алып ақ найзамды атой салып,
Қалмақтың басын алдым жағаласқан.
Қайырмасы:
Ай балта, найза қолымда,
Болмады бөгет жолымда.
Қорғап жүрді көк бөрім,
Оңым менен солымда.
Алланың нұрыменен көріктендім,
Хан ием Абылайға серік болдым.
Бөгенбай, Қабанбаймен, Наурызбаймен,
Жоңғарды сан жорықта жеңіп келдім!
Қайырмасы.
Боданы ата жаудың болмау үшін,
Қорғадым Алашымның өр намысын.
Ту алып, тұлпар міндім кірпік ілмей,
Кең байтақ даламызды қорғау үшін!
Қайырмасы.
Қазған ор кездеспесін тұлпарыма,
Жайған тор кездеспесін сұңқарыма.
Жеріңді жауға мәңгі бастырма, деп,
Тапсырдым ұрпағымның ұрпағына!!!
Қайырмасы. 2 рет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу