Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
101
СҰРАҚ
Өзің боп ділгір емі,
Жүрегім бұлқынды көп.
Көзіңде күн күледі,
Сөздерің «біртүрлі» тек...
Отыңа күйем, мейлі...
Қызық-ау, кей мінезің.
Көздерің «сүйем» дейді,
«Сүймеймін» — дейсің өзің.
Тұрасың «өкпелеп» кіл,
Сорымнан көремін бе...
Көздерің кетпе деп тұр,
«Барыңыз...» — дегенің не?
Не хал бұл?
Ұғына алман,
(Жөн бе еді жолықпаған?)
Көзіңнен жылынам да,
Сөзіңнен тоңып қалам.
Бой бермес өгей үнге,
Сұрақ бар көмейімде:
Көзіңе сенейін бе,
Сөзіңе сенейін бе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter