Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
200
ҚАРА ӨЛЕҢ
Астыма мінген атым — құла жорға,
Желпініп, көз тігемін бұлаларға.
Жүйрік ат, сұлу жарға қолы жетсе,
Не керек, бұдан артық, сірә, адамға?
Әнімді үнсіз тыңдап әйбат далам,
Арманға жол сілтейді сайғақ маған.
Дариға, жастық шақтың несі қызық,
Көздерін қылаңдардың жайнатпаған.
Жігіттер, менше іздегін жоқты іздесең,
Арманнан күдеріңді текке үзбесең.
Кер құла ат, ат болмай қал, бүгін мені
Әйәйдің ауылына жеткізбесең,
Кеулімжай күн кешкенмен сауық құрып,
Жүруші ем, жамандардан қауіп қылып.
Қалқаның ізін көріп, ес жинадым,
Талықсып бір сәт ерден ауып тұрып.
Байлап ем, топ жыңғылдың қасына кеп,
Керқұла ат, арам қатқыр шошып әлек.
Қалқаның басқан ізін қарай берем,
Бақытқа бастайтын жол осы ма деп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter