Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  117


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

ДЕРТ

Бір сәт мігір таба алмай,
Жан секілді жын қаққан.
Біреу келіп қалардай,
Кететіндей бір жаққа...
Мазам қашып күнімен,
Қарағаным жол кілең...
Телефонға үңілем,
Терезеге телмірем.
Бір орында тұра алман,
Атқақтайды жүрегім.
Сыртқа асығыс шығам да,
Үйге қайта кіремін.
Күл ғып сенім-тіреуді,
Қол созғанда түн — көрдей.
Құтқаруға біреуді,
Қалатындай үлгермей...
Хәл бұл, адам сенгісіз,
Күлсең, маған күл, мейлің.
Қайда барам, белгісіз,
Кімді күтем...
Білмеймін.
Жан ба әлде кірлеген,
Құзға сүйреп дүйім дау?
Жынды дейтін жынды емен,
Саумын деу де қиындау...
Аяғына қан түскен,
Тұлпардайын дерегі.
Тәңірім-ау, тал түсте,
Дедектеткен не мені?
Қолыңды соз тағы да,
Қиналдым-ау бір,
Алла-ай.
Аласұрған жаныма,
Не керегін біле алмай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу