Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  189


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

АСПАН МЕН ЖЕРДІҢ АРАСЫ...

Сағи Әшімовтің аруағына
Аспан мен жердің арасы,
Тым қашық емес шамасы.
Сағи Асанәліұлы
Отыз сегіз-ақ жыл жол жүріп,
Жұлдызға жетті, қарашы...
Тұлпардай келген таң асып,
Дос түгіл дұшпан санасып,
Жүрген бір сәтте бағы асып,
Күнді іздеп бара жатты да,
Бұлтқа еніп кетті адасып.
Егесіз қалып сарайы,
Аңырап қалды маңайы.
Көк аспан жаққа көз салып,
Ажал барын бір еске алды,
Жиналғандардың талайы.
Қойнына алып Жер-анасы,
Арулап қойды Алашы.
...Тіріде сыйлас, ағайын,
Тым қашық емес қарашы,
Аспан мен жердің арасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу