Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
146
ӘУЛЕТ
Уай, барлық жаратылыстан зият таң,
Көрген сайын сенің нұрлы жүзіңді,
Өлер болдым ұяттан.
Көп қулықтан хабарсыз,
Сірә, күліп қарайсыз-ау маған, сіз...
Айналайын, арда таң,
Маған тіпті болма таң.
Мен қайтейін затым солай болғасын.
Жұрттың бәрі атқа мініп, «жау түсіріп» жатқанда
Балық аулап нең бар еді сорлы атам?
Ду-ду еткен көшенің,
Ортасында қалың ойды кешемін.
Ақты құртқан хас балшабек,
немесе,
«Халық жауы» болмағаны несі оның?
Домаланған қаңбақтай,
Желге қарап, жан бақпай.
Партияға да өтпей...
Сиез барып, орден тағар уағында,
Тым болмаса қой бақпай,
Менің әкем сорлатты-ай...
Ойға батам оңаша:
Көш соңында ілбіген,
Торы көр де мені көр,
Тартқан дейді-ау тегіне ел.
...Әй, дегенмен бұл да жаман емес, ә?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter