Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
242

Қаңтарда қарға адым ұзадың менен...
Қаңтарда қарға адым ұзадың менен,
Ақпанда ат адым ұзадың менен.
Кеудемде қалды өкпем мен мұңым
Алысып төзім-тұзағымменен...
Қаңтарда қаңтарылдың ба?
Ақпанда аңтарылдың ба?
Қаңтарда қарға адым ұзадым сенен,
Ақпанда ат адым ұзадым сенен.
Ұзадым сенен... сенбеймін бірақ,
Ұзатпайтұғын тұзағым – сен ең...
Қаңтарда қамығып едім,
Ақпанда арылып едім ... бәрінен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇