Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
161
Жоғалту
Өзіңді сағынар сол бір
Кезімді жоғалтып алдым.
Дүниенің көзіндей мөлдір
Сезімді жоғалтып алдым,
Сорыма бастайтын жол бұл –
Төзімді жоғалтып алдым.
Өзегелер білмесін, сен біл –
Өзімді жоғалтып алдым.
Сырымды көзімнен ұғар
Көзіңді жоғалтып алдым,
Жанымды нұр болып шылар
Сөзіңді жоғалтып алдым,
Қылығым қалтықсыз ұғар
Кезіңді жоғалтып алдым.
Бұл да бір қасіретім шығар –
Өзіңді жоғалтып алдым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter