Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
125
ҚАЗАҚ АЙТАДЫ
Мен, мен едім, мен едім,
Тауға айналдым, төбе едім.
Егеменді ел болдым,
Енді мәңгі жайқалады, желегім,
... деп едім.
Бірақ, бірақ, азат, дархан еліме,
Тілім керек болмады,
Ділім керек болмады,
Дәл осылай кете берсе, түбінде,
Менің-дағы болар ма екен керегім?!
Ел иесі — мен едім,
Жер иесі — мен едім.
Садақ ұстап, тартатын Ер табылса,
Нысанаға дөп қадалар жебе едім.
Ал, әзірге қанағатым — қорегім...
Түбі қайыр болса, әйтеуір, ел үшін,
Неге болсын көнемін.
Босағада отырғанмен дәл бүгін,
Төрге бір күн шығарыма сенемін.
Бірақ, қашан?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter