Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  95


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

РОЛЬ

Біреудің жиі үйіріліп көзіне мұң,
Біреудің өзі — керім, сөзі — керім...
Байқасаң өмір деген — үлкен сахна,
Әркім ойнап шығатын өз ролін.
Сахна бұл қалған талай саңлақтардан:
Біреудің айбыны асып, аруақтанған.
Біреулерге бақ қонып, ардақталған,
Біреулер дүниені қарғап қалған...
«Секілді шыңға біткен көркем шынар,
Ер болса, дәл осындай ер болсын ал!»
Жұрт жабыла мақтайды бір кісіні,
...Құдекең дұрыс роль берген шығар.
«Кеудеде мынау жұрттың толған шерін,
Айтуға... анау жерге сен баршы, ерім» —
деп мені айдап салмай тұра тұрғын,
(Біреудің ролінде нең бар сенің...).
«Қасіретке айналар қор болса өнер,
Маймыл қылып қойғанын Аллам шебер...»
Кеше жұрт мүсіркеді бір дарынды,
... Қайтеді ол тиген роль сол болса егер.
Аузыңды ашсаң көрінер жүрегіңіз,
Ай, аға, сіз де нардың бірі едіңіз.
Бұл дүние қас-қағымда өте шығар,
Әйтеуір дұрыс болғай роліңіз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу