Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  233


Автор: Әуезхан Қодар

Анна Блюмэға

Анна Блюмэға
О, менiң 27-тi сезiмдерiмнiң жары, мен сүйемiн Саған!
Сен, Сенiкi, Сенi Саған, мен Саған, Сен маған - бiз болғанымыз ба?
Айтпақшы, мұның бұл араға қатысы жоқ!
Кiмсiң сен, саны белгiсiз бикеш, сен барсың ба, барсың ба сен?
Жұрттың айтуынша сен бар көрiнесiң.
Айта берсiн, мұнараның қалай тұрғанын олар бiлмейдi.
Сәлем, Сенiң қызыл көйлектерiң ақ қыртысқа тiлiнген,
Қызылды сүйемiн мен Анна Блюмэ, қызылды сүйемiн мен Саған.
Сен, Сенiкi, Сенi Саған, мен Саған, сен Маған бiз болғанымыз ба?
Айтпақшы, бұл салқын аңызаққа қатысты екен ғой!
Анна Блюмэ, қызыл Анна Блюмэ, қалай айтады жұрт?
Баға мәселесi:
1.) Анна Блюмэде құс бар.
2.) Анна Блюмэ - қызыл.
3.) Құс қай түстi.
Көк түстi Сенiң сары шашың,
Қызыл түстi Сенiң жасыл құсың.
Сен күнделiктi көйлек киген қарапайым бүлдiршiн қызсың,
Сен сүйкiмдi жасыл аңсың, мен сүйемiн Саған.
Сен, Сенiкi, Сенi Саған, мен Саған, Сен маған - бiз болғанымыз ба?
Айтпақшы, бұл алаулаған жәшiкке қатысты.
Анна Блюмэ, Анна, А-Н-Н-А!
Мен тамшылатамын сенiң есiмiңдi.
Сенiң есiмiң тамшылайды сиырдың жұмсақ майындай.
Сен бiлесiң мұны, Анна, сен ендi мұны бiлесiң,
әйтсе де, сенi арттан алға қарай оқуға болады,
Өйткенi Сен, Сен бәрiнен де тамашасын,
Сен арттан да алдағыдайсың: А-Н-Н-А.
Сиырдың майы тамшылайды ЕРКЕЛЕТУ менiң арқама төнiп.
Анна Блюмэ,
Сен аңқау аңсың,
Мен - сүйемiн - Саған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу