Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  296


Автор: Әуезхан Қодар

Жалғыздық та жаңбыр сынды тың iрге....

Жалғыздық та жаңбыр сынды тың iрге,
Ол теңiзден көтерiлер iңiрге,
Алыс қырдан жетiмдiктi сiңiрген,
Көкке шығып, толы мұң мен налаға,
Сонсоң ғана көктен құлар қалаға.
Нөсерлетiп уақытта екiұшты,
Барлық көше бұрылғанда шығысқа,
Екi ғашық құшақтасқан бек күштi,
Тоят таппай бiр бiрiнен ығысқан,
Бiр төсекте жат жандарша тыныстап,-
Сол бiр шақта, сезiмге жоқ шығыны,
Жалғыздықтың ағытылар тығыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу