Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
105
Қырғауылдың қанатындай...
Қырғауылдың қанатындай
Құбылады қызыл іңір,
Құшағында қалатындай
Құба күннің қызығы жүр.
Бұлттың жүзі шырайланып
Бұла күнді бұғаулайды.
Тентек толқын былай қалып
Су бетінен нұр аунайды.
Қызыл нұрды кешіп келем
Іздегенім жолығардай...
Сәлемімді есітпеген
Елес-арман жөн ұғардай...
Іздеймін кеп іңір кешіп,
Жанға демеу бар екенің.
Құрақ біткен күбірлесіп,
Айтатындай бәрі өтерін...
Мамыр,2004. Астана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter