Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
72
Күндіз күнге егілдім...
Күндіз күнге егілдім,
Түнде мұң боп төгілдім.
Тырнақ салдым бетіне
Көлгірсіген өмірдің.
Бұл ісімді жөн көріп,
Ашуға ақыл берді ерік.
Өзегіне тірліктің
Тамып кеттім шер болып.
Тыраштанған тән мұңы –
Тәуелді ету жанды ұлы.
Түлей- түннің бойынан
Өніп шығар таң нұры...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter