Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  144


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сары ала қаз да қайтып барады...

Сары ала қаз да қайтып барады,
Сағынышты әнін айтып барады.
...Қаңқылдап қайда барасың, қазым,
Мазамды несін аласың, қазым.


Жүзесің сұрғылт көктің жүзінде,
Жанымның қозғап, жарасын, қазым!
Дауысың неткен мұңлы еді, қазым,
Қайда екен жарқын күндегі назың?!
Мен көріп қалған қымбат бір дидар,
Өтірік пе еді, шын ба еді, қазым?!
Қаңқылдап ұштың төбемнен, қазым,
Қайрылып келсең сөгер ме ем, қазым?!
Қатайып тұрып, қамығып кетер
Жаралғансың-ау, өлеңнен, қазым!
Сары ала мұңым – сары ала қазым,
Жанымды тағы жарала, қазым!
...Жабығу үшін жаралған жан ем,
Қаз болып қайтып бара ма жазым...
...Сары ала қаз да қайтып барады,
Айтарын тағы айтып барады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу