02.09.2022
  108


Автор: Мәлік Отарбаев

Сақтық

– Құмырсқа жылына бір ғана бүртік бидай жейді екен!


Осы хабарды естіген Сүлеймен пайғамбар бір жылға құмырсқаға бір бүртік бидай беріп, кішкентай құтыға қамап қояды.


Бір жылдан кейін қараса, құмырсқа әлгі бидайдың жартысын ғана жепті.


Сонда құмырсқадан сұрайды:



  • Қане, жылына бір дән бидай жей- тінің?

  • Уа Сүлеймен! Ол ырысты Құдай- дың өзі беріп тұрған заманы ғой. Ал, енді маңдайыма жазылған ризығым сен арқылы келеді. Жаратушы Ием еш уақытта ұмытпайды, ал сенің ұмытып кетуің мүмкін. Сақ боп отырған халім осы, – депті құмырсқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу