Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.09.2022
136

Табалай бер, сен мені табалағын...
Табалай бер, сен мені табалағын,
Мейлі, мейлі, асқақтап қарамағын.
Мәңгілікке жоғалтпай бұлғап тұрам,
Өзіңе ынтық сезімнің орамалын.
Орамалда атың бар кестеленген,
Жүрегімнен сен үшін шешкен ем мен.
Желбірейді соңыңнан бұл орамал
Өмір атты екпінді, еспе желмен.
Кімді сүйсең оны сүй, жұмысым не,
Кімді арман қып құшарсың түн ішінде.
Бәлкім, туған шығармын махаббаттың
Азасы үшін туатын жыр үшін де.
Табалай бер, сен мені табалағын,
Сзіміме аяп та қарамағын.
Биігіңнен аппақ қып бұлғап тұрам,
Өзіңе ынтық сезімнің орамалын...
Алматы, 1983.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇