Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.09.2022
101
Суынып кеттім, жел, сенен...
Суынып кеттім, жел, сенен,
Кеудесі шерлі келші, өлең!
Жалғанда жарым тек өзің -
Сезіммен бәрін өлшеген.
Ізіңнен қалмай келемін,
Келсе де сенің не дегің.
Сыздаған жүрек дертінен
Айықтыра алар сен едің.
Жер басып жүрсің жұмбақ боп,
Жат жанға ғана қымбат боп.
Жыламақ болып тынасың,
Сына алмайсың-ау, сынбақ боп.
Оңаша кетіп, шер төгіп,
Жүрек отына өртеніп,
Жүресің сосын күлген боп,
Күлкіден тағы дерт еміп.
Кетсе де қызық күнге есем,
Құлаққа бірін ілмес ем.
Өзіңе деген махаббат
Өзегімді өртеп, күн кешем...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter